Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC

Жыр алыбы Жамбылға жаңа ескерткіш орнатылды

Жыр алыбы Жамбылға жаңа ескерткіш орнатылды

Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы шеңберінде жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың еңселі ескерткіші ашылды. Оның салтанатты ашылуына аудан жұртшылығы мен ардагерлері қатысып, облыс әкімі Амандық Баталов арнайы барды.
Облыс әкімі А. Баталов өз құттықтауында:
- “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жастарға үлгі боларлық үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгін Ұлы бабамыз, мақтанышымыз Жамбыл ақынның еңселі ескерткіші меценаттардың қолдауымен, Әскербек Абаев ағамыз бастаған азаматтардың ұйытқы болуымен ашылды. Осындай ескерткішті ең алдымен Астана қаласында, кейін Киевте, Белградта орнаттық. Бүгін, міне, демеушілердің көмегімен Жамбыл ауданында жалғасып отыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осындай игі істерге үлкен серпін берді. Қарасай, Алакөл аудандарында, Талдықорғанда осы бағытта ірі-ірі жобалар қолға алынып жатыр. Оның ішінде дене шынықтыру – сауықтыру кешендері, олимпиадалық стандартпен салынатын бассейн, жеңіл атлетика манежі сияқты спорт нысандары бар. Мұндай бастамалар барлық ауданда атқарыла бастады. Жуырда облысқа келген сапарында Елбасымыз өңірдегі атқарылып жатқан істерге оң баға берді. Осы берілген бағада Жамбыл ауданы халқының үлесі зор деп білемін. Бірлігіміз бекем болсын, бабамыздың ескерткіші құтты болсын, - деді. Сонымен қатар облыс басшысы өз сөзінде ауылдың жолдарын жөндеуге, абаттандыруға қолдау көрсетіліп отырғанын да тілге тиек етті. 
Мұнан соң “Туған жерге тағзым” қорының төрағасы Әскербек Абаев сөз алды.
- Ауданның Қастек ауданы болып құрылғанына 90 жыл, Жамбыл атауы берілгеніне 80 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай аудан орталығына Жамбыл баба ескерткішін орнату туралы көпшілік бастама көтеріп, аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс айтып, бұл ұсыныс облыс басшысы тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп “Туған жерге тағзым” қоры құрылды. Қорға қаржы жинақтап, осы ескерткіштің ашылуына ұйытқы болған азаматтарға, қолдау білдірген облыс басшылығына алғыс айтамын,- деді Ә.Абаев. Осы мазмұндас ізгі тілегін тұңғыш Олимпиада чемпионы, кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіров те арнады.
Құттықтау тілектерден соң ескерткіштің жабуы ашылып, шашу шашылып, салтанат аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.
Естеріңізге салар болсақ, ақынның қолында домбырасын ұстап тұрған еңселі ескерткішінің авторы – Қазбек Жарылғапов. Қола мүсін “Туған жерге тағзым” қоғамдық қорының қаржысына тұрғызылған. “Ақындар мен батырлар елі” паркімен бірге тұтас кешенді құрап тұрған ескерткіш Ұзынағаштың кіре берісінде орнатылған. Бұл парктің құрылысын “Арнайы құрылыс компаниясы” ЖШС жүргізіп, бұл жұмыстарға қордың 60,4 млн. теңгеге жуық қаржысы жұмсалған.


Көріністер:  515

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 23.05.2018 17:14

Өзгертілген күні: 28.05.2018 11:26:33

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх